Жігітті қаратуға. 7 кеңес

Жігітті қаратуға қалай  болады? «Жігіттен 10 күнде қалай арылуға болады?» фильмін бәрі көрген сияқты. Алайда, арулардың ұяңдығына байланысты,біразы жігіттен құтылмақ түгілі, құтылуға тура келетін жіггітте де кезіктіре алмай жүр. Сондықтан, сіздер үшін «10 күн ішінде жігітті қалай жолықтыруға болады?»  мақаласын жазып,кеңестермен бөліскелі отырмыз.

жігітті қаратуға

Қазіргі жігіттердің қарапайымдылығын және олардың көңілі мен көздерін баурап алатын заттардың мол екенін ескерсек, жігіттің назарын өзіңізге аудару оңай болмайтынын ескертіп қояйық.  Бірақ, біздің кеңестерімізге құлақ ассаңыз, бұл әдбен мүмкін. Жігітті қаратқаннан кейін, одан құтыласыз ба, кездесесіз бе, оны өзіңіздің қарауыңызға қалдырдық.

Телефон нөмірімен алмасу

Егер, туған күн немесе өзге бір жерде жігітке назарыңыз ауса, кеш бойы оны көзбен жеудің қажеті жоқ. Бұл түрмен өмірі жігітті қаратуға болмайды. Ол танысу амалдарына бірінші болып көшпесе, істі өз қолыңызға алыңыз, Өкінішке орай, көпшілік арасында бірінші қадам жасау жігіттерге ғана тән деген түсінік қалыптасқан. Ол өткен күннің еншісінде. Қыздар да бірінші болып әрекетке көше алады. Осыны есте сақтаңыз! Таныстыңыз ба? Олай болса, әңгіме үстінде телефон нөміріңізді қалдыруды ұмытпаңыз.

Қарым-қатынас

Нөмірмен алмассаңыз, онда әрі қарай тоқтамаңыз. Егер, оны қызықтырсаңыз, сізге өзі-ақ хабарласады. Хабарласпаса, өзіңіздің де қоңырау шалуыңызға болады. Бірақ, тек ұялы телефон арқылы ғана сөйлесетін жігіт тапқыңыз келеді ме? Жоқ болса, онда кездесудің амалын қарастырыңыз. Бұл-сіз жасаған үшінші қадам. Жігіт тым қарапайым, әрі ұяң болса, онда оны әрекетпе итермелеуге де болады.

қарым-қатынас

Ұстамдылық

Кішігірім жетістікке жеткеннен кейін, арбаның алдында жүруді доғарыңыз. Қызға тән сабырлық пен нәзіктікке көшіңіз. Бұл сіздің толыққанды беййнеңізді қалыптастырып, жігітті артық ойлардан сақтайды. Ол сізді өз артынан жүгіріп жүрген жеңілтек ретінде көрмейтін болады.

Тышқан мен мысық.

Бұл-жігітті өз артыңыздан жүгіртудің амалы. Жігітті қаратуға ең күшті кенес. Ол қоңырау шалса, бірден көтеріп жүрмеңіз. Уақыт созыңыз. Оған сіздің одан басқа да жұмыстарыңыздың барын көрсетіңіз.

Тікелей қарым-қатынас

Егер, жігіт сізбен әңгімелескісі келсе, оны бетпе-бет жасаған жөн. Міне, осы жерде өзіңізді толыққанды көрсетіңіз. Киіміңіз ашық-шашық болмауы қажет. Өзіңізге ыңғайлы, бітіміңізді ажарландыратын киім таңдаңыз. Кездесетін жерге де көңіл бөлу қажет. Бәрінен бұрын бұл кеште бар ынтаңыз тек бір-біріңізге аусын. Әрі қарай, осымен бәрін тоқтатасыз ба, әлде кездесе бастайсыз ба, шеше жатарсыздар

Жігітті қаратуға

Еріксіз сүйіс.

Ерте ме, кеш пе жігітпен алғаш рет сүйісіп көресіз. Екеуіңіз де қобалжып, «жоқ» дегенді естігіңіз келмейді. Сондықтан, тым тез және бірінші болып іске көшпеңіз. Жігіт қанша жерден батыл болса да, бойында күмән болады. Мүмкін, әрекетке көшпей қалар. Не де болса, бұл сезімді алғаш рет тек сүйікті адамыңызбен бастан өткізген жөн.

Шыдам

Ешқашан бірінші кездесуден кейін жігіттің төсегіне секірмеңіз. Бұл ештеңе бермейді. Жауабын білген жұмбақты шешу қызық емес. Ерте ме, кеш пе, бәрі болады. Бірақ, бәрі бірден емес. Оның үстіне, төсек қатынасы адамдарды бір-біріне міндетті қылады.

Post Author: Жас Ару

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *